2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы
Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы регламент бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы №746 бұйрығына 1-қосымша
Келісу комиссиясының Регламенті
1. Келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Келісу комиссиясы туралы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссия төрағасы монополияға қарсы орган ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) тергеп-тексеру объектісінің өтініші түскен күннен бастап комиссия отырысының уақытын белгілейді.
3. Комиссия ведомствоға берілген тергеп-тексеру объектісінің өтінішін тергеп-тексеру аяқталған күнге дейін жеті жұмыс күнінен асырған мерзімде қарамайды.
4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) монополияға қарсы орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
5. Жұмыс органының анықтамасы, тергеп-тексеру объектісі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының бұзушылықтарын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы Комиссия отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелерінің назарына жеткізіледі.
6. Комиссия отырысы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының кіріспе сөзінен кейін ашық деп есептеледі.
7. Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса өтті деп есептеледі.
8. Тергеп-тексеру объектісінің өкілі қарсылықтарды қарау кезінде тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сүйене отырып өз пікірін білдіреді.
9. Комиссия шешімі қарапайым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
10. Дауыс беруге Комиссия мүшелерінің ғана құқығы бар.
11. Комиссияның әрбір мүшесі бір ғана дауысқа ие болады.
12. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы соңғы шешімді қабылдайды.
13. Комиссия мүшелері алған мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтер жариялауға жатпайды.
14. Комиссия отырысының нәтижелері қажетті құжаттарды қоса бере отырып, хаттамамен ресімделеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы №746 бұйрығына 1-қосымша
Келісу комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Монополияға қарсы орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп- тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілердің онда келтірілген дәлелдемелердің сапасы нысанына қарау мақсатында құрылды.
2. Комиссия ведомство жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік- құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. Комиссия функциялары
4. Комиссия функциялары:
1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын оның толықтығы мен онда келтірілген дәлелдемелердің сапасы нысанына қарау;
2) оның толықтығы мен онда келтірілген бұзылу фактілері дәлелдемелердің сапасы нысанына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия құқықтары
5. Комиссия өз құзыретінің шеңберінде:
1) монополияға қарсы орган ведомствосының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) осы Ереженің 4-тармағында көзделген мәселелер бойынша тергеу нәтижелері бойынша қорытынды жобасына ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссия құзыретінің мәселелері бойынша сарапшыларды мемлекеттік органдардан тиісті бейінді мамандарды, қоғамдық бірлестіктерді, қауымдастықтарды (одақтарды) өтемсіз негізде тартуға;
3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Комиссия қызметі
6. Комиссияны монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы басқарады.
7. Монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы болмаған кезде оның функцияларын оның міндетін атқарушы адам орындайды.
8. Комиссия отырыстары, егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, құқылы болып саналады.
9. Комиссия құрамы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының шешімімен тергеу объектісінің әрбір өтініші бойынша жасалады.
10. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан аспауы тиіс.
11. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы №746 бұйрығына 2-қосымша
Келісу комиссиясының Регламенті
1. Келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Келісу комиссиясы туралы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссия төрағасы монополияға қарсы орган ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) тергеп-тексеру объектісінің өтініші түскен күннен бастап комиссия отырысының уақытын белгілейді.
3. Комиссия ведомствоға берілген тергеп-тексеру объектісінің өтінішін тергеп-тексеру аяқталған күнге дейін жеті жұмыс күнінен асырған мерзімде қарамайды.
4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) монополияға қарсы орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
5. Жұмыс органының анықтамасы, тергеп-тексеру объектісі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының бұзушылықтарын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы Комиссия отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелерінің назарына жеткізіледі.
6. Комиссия отырысы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының кіріспе сөзінен кейін ашық деп есептеледі.
7. Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса өтті деп есептеледі.
8. Тергеп-тексеру объектісінің екілі қарсылықтарды қарау кезінде тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сүйене отырып өз пікірін білдіреді.
9. Комиссия шешімі қарапайым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
10. Дауыс беруге Комиссия мүшелерінің ғана құқығы бар.
11. Комиссияның әрбір мүшесі бір ғана дауысқа ие болады.
12. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы соңғы шешімді қабылдайды.
13. Комиссия мүшелері алған мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтер жариялауға жатпайды.
14. Комиссия отырысының нәтижелері қажетті құжаттарды қоса бере отырып, хаттамамен ресімделеді.
15. Хаттамада Комиссия құрамы, шақырылған адамдар, отырыс орны, мерзімі және күні, Комиссия мүшелерінің айтқан ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болған кезде олардың пікірлері көрсетіледі.
16. Хаттама жобасын оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері келіседі.
17. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) назарына жеткізіледі.
18. Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерінің есебі мен сақталуын Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12593 болып енгізілді.